Елордалық «Has Sanat» галереясында қазақстандық суретшілер мен мүсіншілердің «Алтын ғасыр» атты көрмесі ашылды.
Көрмеге қазақстандық суретшілер мен мүсіншілердің туындылары қойылған.
Астана Халықаралық университетінің «Дизайн» мамандығының 1 курс студенттері топ кураторымен аталмыш көрмені тамашалап қайтты. Студенттерді арнайы көрмемен таныстырушы маман қарсы алып, әр туынды туралы баяндап берді.

Студенттерге, әсіресе Ерболат Төлепбай, Смағұлова Ақтоты, Лейла Махат секілді талантты суретшілердің туындылары ерекше әсер қалдырған. Бұнда бейнелеу өнерінің әр қырынан хабар беріп, таңдай қақтыратын дүниелер өте көп. Әр туындылардан ұлттық рухты, қазақи бітім-болмысымызды аңғарасың, дейді студенттер.