Өнер және дизайн жоғары мектебінің галереясын Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Әшімбаев Мәулен Сағатханұлы, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Жамбылұлы Шәпкенов, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Аукенов Ерлан Муратович, Нұр-Сұлтан қаласының әкімінің орынбасары Бектурова Малика Ерлановна келіп тамашалады. Кездесу барысында әлеуметтік кәсіпкерлікке байланысты жобалар тыңдалды және дарынды балаларға арналған көркем өнер студиясының ашылуына қатысып оқушыларға жылы лебіздерін білдірді.
