Астана халықаралық университетінің Өнер және дизайн жоғары мектебін Марокко Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Абделжалил Саубри мырза жұбайымен, Малайзияның еліміздегі Төтенше жəне Өкілетті Елшісі Саид Мохамад Бакри Бин Саид Абдул Рахман мырза және Хорватия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Рефик Шабанович мырза қонақта болды. Жоғары мәртебелі қонақтар Галлерея мен Шығыс музейін аралап, елдеріміздің арасындағы тарихи байланыстардың бар екендігін сөзге тиек етті. Қазақстандық авторлардың өнер туындыларымен танысты.
