Астана халықаралық университетінің Өнер және дизайн жоғары мектебінің профессоры Камиль Муллашевттің кітап-альбомы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарлату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асыру тиімділігін арттыру» бағдарламасы, «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы бойынша жарық көрді.
Кітап-альбом жылдар бойы түрлі жанрда табысты жұмыс істеп келе жатқан қазақстандық суретшінің туындыларынан тұрады. Ол тек класскикалық қана емес, сондай-ақ қазіргі замандағы авангард және постмодернистік кескіндеме техникасының хас шебері. Өз картиналарында бір тарихи дәуірден екіншісіне ойша шарықтап, оларды үйлесімде бейнелейді.
Танымал суретші бүгінде жаңа бейнелеу техникасы мен көркем кеңістіктерді игеріп, жаңа жоспарлар мен жарқын ойларын жүзеге асыруда.