Астана халықаралық университеті мен Өнер және дизайн жоғары мектебі Жапония Елшісі Тацухико Касаи мырзамен кездесті. Мәртебелі қонақ, Өнер және дизайн жоғары мектебінің шеберханаларымен танысып, жасалып жатқан жұмыстар жайында әңгімелесіп, этно-фольклорлық жобамыз «NOMAD» тобының өнерін тамашалады. Тацухико Касаи мырза алғысын білдіріп, күн шығыс елінің елшілігі Астана халықаралық университетімен ынтымақтастық қарым-қатынас байланыстарын әлі де дамытатынын айта кетті.
