Астана халықаралық университеті мен Өнер және дизайн жоғары мектебі Малайзияның еліміздегі Төтенше жəне Өкілетті Елшісі Саид Мохамад Бакри Бин Саид Абдул Рахман бастаған біртоп делегацияны қабылдады. Кезедесу барысында өнер туындыларымен танысқан мәртебелі елші этно-фольклорлық жобамыз «NOMAD» тобының дайындығына қатысып, ұлттық музыкамызбен танысты, ансамбльдің орындауында бірнеше күй тыңдады. Ризашылығын білдіріп, Малазия еліне қонаққа шақырды.
