Астана Халықаралық университетінің аға оқытушысы – Баширов Сержан Мұратұлы сурет өнерінің қыр – сырынан мағлұмат бере отырып, «Дизайн» мамандығының 1 курс студенттеріне шеберлік сағатын өткізді.
Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, елімізге белгілі зергер, коллекционер Сержан Баширов дизайн, сурет өнері, қолөнер және оның құндылығы туралы өз ойларын жастармен бөлісуге әрқашан дайын. Ұлттық дүниелерге әуес Сержан Баширов өз қоржынындағы асыл жәдігерлерді еліміздің түкпір-түкпірі мен алыс-жақын мемлекеттерден жинаған, осы құнды дүниелерімен елімізде, шетелде көптеген жеке көрмелерін өткізген.
Көргені көп, айтары бар, берері мол Сержан Мұратұлының шеберлік сабағына студенттер белсене араласып, дәрісті асқан ықыласпен тыңдады. Болашақ ұлттық мұрамыздың иесі осы жастар болғандықтан, бұндай шеберлік сыныптарын көптеп ұйымдастыру жалғасын табары сөзсіз.