ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Астана халықаралық университеті Өнер және дизайн жоғары мектебінің үш бірдей профессоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері К. Муллашев, Ж. Қайрамбаев және Қ. Әжібекұлының көп жылғы шығармашылық жұмыстарының катологы жарық көрді. Қылқалам шеберлерінің туындылары көпшілік аудиторияға арналған. Аталған кітаптар өнер саласында білім алып жүрген студенттер, оқытушылар мен өнер саласында қызмет етіп жүрген жандар үшін өте құнды. Өнер сүйер қалың оқырман үшін де таптырмас дүние. Әрине бұл авторлардың алғашқы туындылары емес, бірақ көптеген жаңа шығармалармен толықтырылған көп жылғы еңбектерінің есебі іспеттес.
