«Дизайн» мамандығының «ART» клубы студент жастарға арналған коворкинг аймағын безендірді.
«Дизайн» мамандығының студенттері Астана Халықаралық Университетінің №1 корпусында студент жастарға арналған коворкинг аймағын безендірді.
Коворкинг ағылшын тілінен аударғанда «бірлескен жұмыс» дегенді білдіреді. Коворкинг идеясы фриланстың дамуымен пайда болды, өйткені оның басты кемшілігі – жұмыс орнының, ұжымның және жалпы «жұмыс» атмосферасының болмауы. Коворкинг барлық осы мәселелерді шеше алады. Мысалы, сәулетші студент дизайнермен, фотографпен немесе суретшімен бір бөлмеде отыра алады, бұл жағдайда жұмыс өнімділігі мен жұмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін жұмыс ортасы пайда болады.





