Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Даниэль Роземблум және оның жұбайы Астана Халықаралық университетінің (AIU) Өнер және дизайн жоғары мектебінің аға оқытушысы, белгілі зергер және суретші Сержан Мұратұлы Башировтың шеберханасына және еліміздегі белгілі зергерлердің бірі, оқытушы Бекболат Нұрданбектің шеберханасына қонақ болып келді.

Жаңалықтар

Елші ұлттық өнерді сүйетін адам ретінде нумизматика, көне кілемдер, ұлттық зергерлік бұйымдар топтамасымен, Наурыз мерекесіне арналған ұлттық экспонаттар инсталляциясымен танысты.

Д. Роземблум мырзаның сапары болашақта Қазақстан мен АҚШ ұлттық өнерінің білгірлері мен жанашырлары арасындағы бейресми мәдени алмасуды дамытуға Астана халықаралық университетін  тарту үшін жақсы негіз қалады.

Пікір үстеу