БІЗ ЖАЙЛЫ

Жоғары өнер және дизайн мектебі 2018 жылы құрылды және ол Астана халықаралық университетінің жеті мектебінің бірі болып табылады (AIU – Astana International University). Университет 2018 жылы алғашқы институционалды аккредитациядан сәтті өтті. Ашылғанына аз уақыт болғанына қарамастан, мектеп Қазақстанның мәдениеті мен өнерінің элитасын жинады.

Жоғары өнер және дизайн мектебінің құрылымы:

  • Сәндік-қолданбалы өнер орталығы
  • Камил Муллашевтың шеберханасы
  • Жұмақын Қайрамбаевтың шеберханасы
  • Қазбек Әжібектің шеберханасы
  • Нұрдамбек Бекболаттың зергерлік шеберханасы
  • «ÚRKER» бейнелеу өнері галереясы
  • Балалар көркемсурет мектебі
  • Шығыс мұражайы

Жоғары мектепте ғылыми және оқытушылық қызметте үлкен тәжірибесі бар тәжірибелі оқытушылар, белгілі суретшілер мен ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткерлері жұмыс істейді:

  • 1 ғылым докторы, ЖАК профессор;
  • 1 педагогика ғылымдарының кандидаты;
  • 1 сәулет ғылымдарының кандидаты;
  • 1 PhD докторы;
  • 2 Құрмет орденінің иегері;
  • 3 Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері;
  • 4 магистр, аға оқытушылар;
  • 2 аға оқытушы.

Жоғары өнер және дизайн мектебінің оқытушылары инновациялық оқыту әдістерін қолдана отырып, оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізеді. Сонымен қатар, олар ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді қатысады, ғылыми мақалалар жариялайды, ғылыми жобаларға, бағдарламаларға, емтихандарға қатысады, әртүрлі деңгейдегі шығармашылық көрмелерді ұйымдастырады және қатысады.

Мектеп бакалавриатқа арналған 6В02101 «Дизайн» және магистратураға арналған 7М02121 «Дизайн» білім беру бағдарламаларын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүзеге асырады.

Астана Халықаралық университетінде «Дизайн» бағдарламасы бойынша оқыту қазіргі кездегі танымал сәулет және интерьер дизайны, графикалық дизайн, веб-дизайн шығармашылық траекториялары бойынша жүзеге асырылады.

Оқу аяқталғаннан кейін түлектер дизайнерлік компанияларда, сәулет мекемелерінде, баспаларда, полиграфиялық кәсіпорындарда, типографияларда, дизайн бюроларында, дизайнерлік студияларда, көркемөнеркәсіптік шеберханаларда, жиһаз салондарында қызмет ете алады, сонымен қатар біздің түлектер өздерінің жеке дизайн фирмаларын ашады.

Бакалавриатта оқудың нормативтік ұзақтығы күндізгі оқу бөлімінде 5 жылды құрайды. «Дизайн» білім беру бағдарламасы бойынша магистратура екі бағытта жүзеге асырылады: 5 (2 оқу жыл) және бейіндік (1, 1,5 жыл оқу).

Студенттер үшін академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу мүмкіндігі бар, оған сәйкес студенттер шетелдік серіктес университеттерде семестрлік оқудан өте алады: Ахен қолданбалы ғылымдар университеті (Германия, Ахен), Ұлттық дизайн институты (Ресей, Мәскеу)

Магистранттар үшін серіктес университетте міндетті түрде 10 күндік шетелдік тәжірибе бар.

Бұл мамандық бойынша оқудың артықшылықтарының қатарына суретшілердің шеберханаларында, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, атап айтқанда Камил Муллашев, Жұмақын Қайрамбаев, Қазбек Әжібек өткізетін әр түрлі практикалық сабақтар жатады.