«Біз – салауатты өмір салтын қолдаймыз» атты плакаттар көрмесі жарияланады

Жаңалықтар

«Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» атты әлеуметтік плакаттар көрмесіне қатысуға шақырамыз. Дедлайн 23 қараша 2021 жыл.

Көрмеге қатысуға университеттің барлық студенттері шақырылады.

Көрменің мақсаты:

– салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында нашақорлық пен есірткі қылмысының, маскүнемдік пен темекі шегудің алдын алу саласында «Астана Халықаралық университеті» білім беру мекемесінің студенттері мен оқытушыларының белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру;

– студенттердің көрме тақырыбына қызығушылығын ояту, студенттік ортада салауатты өмір салты туралы түсінік қалыптастыру;

– жеке жетістіктің кепілі ретінде салауатты өмір салтының артықшылықтарына студенттердің назарын көркем-графикалық құралдармен тарту, рухани және физикалық қабілеттерін дамыту, жағымды эмоционалды-эстетикалық көңіл-күй қалыптастыру, мәдени деңгейін арттыру, қолайлы әлеуметтік орта құру;

– студенттердің шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту;

– студенттердің шығармашылық қызмет саласында өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау.

Ұйымдастырушылар: Астана халықаралық университеті, Жоғары өнер және дизайн мектебі. 703 кабинет. +77015400601

Пікір үстеу