Өнер және дизайн жоғары мектебінің басшылығы мен Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубының директоры Исенова Гульзия Жағыпарқызы және «әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының» директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Төлімбет Бақытжан Нұрмаханбетұлы кездесіп, тығыз байланыс орнату туралы және болашақта ортақ жобалар жасауға келісті. Құрметті қонақтар Галлерея мен Шығыс музейінің экспонаттарымен танысып, алғыстарын білдірді.
