17.11.2022 ж. Жоғары өнер және дизайн мектебінде «Сәулет дизайны» және «Графикалық дизайн» мамандығының 2-5 курс студенттерінің танымал дизайнер, Simple studio брендинг агенттігінің негізін қалаушы Сергей Тюринмен шығармашылық кездесуі өтті.
Өтілген уақыты:10: 30-12: 30 сағ.
Өткен орны: 605 аудитория.
Сергей Михайлович өзін дизайнер ретінде қалыптастыру және танылуы туралы, дизайнда ақша табу мүмкіндігі туралы айтты, клиенттермен жұмыс істеу әдістері, өз жобаңызды қалай дұрыс жасау керек, портфолионы қалай жинау керек, графикалық дизайнға заманауи талаптар қандай, жас дизайнердің қателіктері, сонымен қатар іс жүзінде студенттердің жұмысына талдау жасалды.
Кездесу шығармашылық жағымды атмосферада өтті. Кездесу студенттерге жаңа кәсіби дағдыларды игеруге және жоғары деңгейдегі маманмен шығармашылық қарым-қатынас тәжірибесін алуға мүмкіндік берді.



