Ынтымақтастық келісім бойынша 2023 жылғы 29 наурызда Астана Халықаралық университетінде Омбы қаласындағы Халық шығармашылығы жоғары мектебі ректорының кеңесшісі, профессор Қайыртай Жакупович Амиргазинмен қонақ дәрісі өткізілді.
Профессор Қ.Ж. Амиргазин Омбы қаласындағы Халық шығармашылығы жоғары мектебінің қызметімен, құрылу тарихымен таныстырды және де қолданбалы өнердің әрбір саласы бойынша студенттердің шығармашылық жұмыстарын көрсетіп біздің жоғарғы мектебіміздің студенттеріне: зергерлік өнер, сүйек өндеу, түрлі беттерге сурет салу, шілтер тоқу, былғары өңдеу, миниатюралық және монументалды өнерге байланысты қызықты дүниелермен бөлісті.
Дәріс барысында профессор Қ.Ж. Амиргазин команданы қалай дұрыс құру, өз қызметін қалай дұрыс жоспарлау керектігі туралы өз ұсыныстарымен бөлісті, әлемдік нарыққа шығу үшін дәстүрлі халықтық қолданбалы өнер негізінде өз брендін құрудың маңыздылығы туралы айтты.
Профессор Қ.Ж. Амиргазин Астана Халықаралық университетінде зергерлік өнер бойынша шеберханалар бар екеніне ризашылығын білдірді. Бұл халық шығармашылығын дамытуға үлкен алаң және зергерлік өнер бойынша мамандар даярлауға арналған үлкен мүмкіндіктер беретінін атады.
Өткізілген дәріс тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды, оның барысында көптеген сұрақтар қойылды. Лектор барлық сұрақтарға сауатты және қызығушылықпен жауап берді.
Дәріс соңында білім алушылар профессорға қызықты материалдары мен өмірлік тәжірибиесімен бөліскені үшін алғыстарын білдірді.
Мухамедиева С.К.

