14.04.2021 ж. Өнер және дизайн жоғары мектебінде тайм менеджментке арналған «Жастар және уақыт құндылығы» тақырыбында семинар өтті. Модераторы, шақырылған қонақ «Садуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Әділбеков Хамзат болды. Уақытты басқару әдістеріне қатысты маңызды сұрақтарды талдай отырып, тайм менеджмент көмегімен уақытты дұрыс пайдалану, оның тиімділігін арттырудың яғни жоспарлау, неге басымдық беру керек, нәтижені бағалау сиқты әртүрлі кезеңдерде көмектесетін әдістер мен құралдарын қарастырды. Семинарға жоғары мектеп оқытушылары мен студенттері қатысты. Қатысушылар мен шақырылған қонақтар көтерілген мәселелерді үлкен ықыласпен және қызығушылықпен талқылап, өз пікірлерін білдірді, алғыстарын айтты.
