Жоғары өнер және дизайн мектебінде «БІЗ салауатты өмір салтын қолдаймыз» атты плакаттар көрмесі өтті.

Жаңалықтар

2021 жылдың 24 қарашасы мен 10 желтоқсаны аралығында Жоғары өнер және дизайн мектебінде «БІЗ салауатты өмір салтын қолдаймыз» атты плакаттар көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты мен міндеті студенттер арасында салауатты өмір салтын ұстануға деген көзқарасты қалыптастыру болды. Оқушылардың әлеуметтік белсенділігі мен шығармашылық әлеуетін дамыту. Жас таланттарды анықтау, қолдау және ынталандыру. Есірткіге қарсы дүниетанымын қалыптастыру болды.

Тақырып бойынша әркім өз пікірін білдіруге құқылы болды.

Барлықтарыңызға қатысқандарыңызға рахмет!

Пікір үстеу