Жоғары өнер және дизайн мектебі Астана Халықаралық университетінің миссиясына сәйкес Қазақстаннан тыс шығармашылық жоғары оқу орындарымен өзінің әріптестік қатынастарының географиясын кеңейтуге жұмыстанады.
«ASTANA. ART. PLEINER» халықаралық шығармашылық симпозиум (7-9 маусым 2023 ж.) біздің университеттің бес жылдығына орай шығармашылық қауымдастықты кеңейтуге тамаша себеп болды. Қырғызстанның, Ресейдің Сібір аймағынан, Гуандун университетінің (Қытай) жетекші шығармашылық жоғары оқу орындарының әріптестерімен және студенттерімен білім беру, ғылыми және шығармашылық қарым-қатынас мүмкіндіктері шығармашылық симпозиумның барлық іс-шаралары кезінде белсенді талқыланды.
«ASTANA. ART. PLEINER» бірлескен білім беру бағдарламаларында, ғылыми-зерттеу жұмыстарында, Астана халықаралық университеті мен И. Арабаева атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті, Новосібір мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей), Гуандун технологиялық университеті (Қытай), С. Нааматов атындағы Нарын мемлекеттік университеті (Қырғызстан) шығармашылық жобалары мен тренингтер, студенттер алмасу, оқытушы-профессорлық құрамның арасында тәжірбие алмасу туралы ынтымақтастық келісім-шарт құжаттарына ресми түрде қол қойды.