2022 жылдың 14 наурызында Жоғары өнер және дизайн мектебінің студенттері Наурыз мейрамына арналған шығармашылық жұмыстарының көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге «Дизайн» білім беру бағдарламасының 3-5 курс студенттері қатысты. Студенттердің 30-ға жуық жұмыстары әртүрлі тақырыптарда ұсынылды, олар ұлттық кескіндеме, интерьер суреттері, академиялық кескіндеме, абстракция.




