Астана халықаралық университетінің Өнер және дизайн жоғары мектебінің профессоры Жұмақын Қайрамбаевтың кітап-альбомы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарлату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асыру тиімділігін арттыру» бағдарламасы, «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы бойынша жарық көрді.
Тәуелсіз Қазақстан дәуірінің арт-процесіне қатысушылардың арасында шығармашылғы Қазақстан кескіндемесінің ерекшелігін айқындайтын мағыналық, идеялық, көркемдік контрапунктерді анықтауға бағытталған бірқатар шеберлердің бірі – Жұмақын Қайрамбаев. Оның қырық жыл бойғы белсенді шығармашылық және оқытушылық қызметі Қазақстан бейнелеу өнерінің қазірігі заман тарихындағы маңызды кезеңнің бірі.

Кайрамбаевтың картиналары өткен мен бүгін, қарапайым мен салтанаттылық, жеке мен әлеуметтік бәрі бір жерге келіп тоғысатын адам мен әлем туралы тереңінен толысқан философиялық толғаныстар. Еңбектің ішінде көрсетілген жұмыстардан қазақтың ұлттық бастауларына, дүниетанымына құрметі жатқанын байқауға болады.