ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАСЫНДА І ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫ ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМҒА ЖОҒАРЫ ӨНЕР ЖӘНЕ ДИЗАЙН МЕКТЕБІ ҚАТЫСТЫ

Жаңалықтар

2022 жылғы 28 қыркүйек  Тұңғыш Президент кітапханасында Бірінші Дүниежүзі қазақтары құрылтайының 30 жылдығына арналған «Қазақ елі: өсіп-өркендеудің тұжырымдамалық негіздері және жаһанданған әлемге бейімделу» Халықаралық форумы өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму, Мәдениет және спорт, Сыртқы істер министрліктерінің басшылары, Қазақстанның депутаттық және дипломатиялық корпусының өкілдері, сондай-ақ мемлекет және қоғам қайраткерлері – Әзірбайжан, Германия, Дания, Иран, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Түркия, Франция, Өзбекстан қазақ диаспораларының өкілдері, ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері қатысты.

Бұған қоса, Форум жұмысы аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасының қорындағы архив құжаттары мен кітаптарының көрмесі, дәстүрлі қазақ қолөнері мен ұлттық киімдерінің көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Қонақтар назарына Тұңғыш Президент музейінің экспозициялары, сондай-ақ Дүниежүзі қазақтары құрылтайының 30 жылдығына арналған «Туған елім – тірегім» тақырыптық көрмесі ұсынылады. Көрмеге өздерінің жұмыстарымен Астана халықаралық университетінің аға оқытушысы, белгілі өнер қайраткері С.М. Баширов пен университетіміздің зергері, Мәдениет ісінің үздігі Б. Нұрданбек қатысты.

Пікір үстеу