ҚАЗАХБАЙ ӘЖІБЕКҰЛЫНЫҢ ӘЛЕМІ

Ғылым
Астана халықаралық университетінің Өнер және дизайн жоғары мектебінің профессоры Қазахбай Әжібекұлының кітап-альбомы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарлату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асыру тиімділігін арттыру» бағдарламасы, «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы бойынша жарық көрді.

Кіапта шебердің соңғы жылдардағы туындылары ұсынған. Локалды және қанық түстерді қолданудың алғашқы әрекеттері 1990 жылдардағы картиналарынан көрінеді. Суретшінің шығармашылық әдісінің өзгеруі жаңа ғасырдың басталуымен тура келді.

Соңғы жылдары Қ. Әжібекұлы өз еңбектерінде қазіргі өмірге, бүгінгі шындыққа, портрет жанрына, балалар бейнесіне көп көңіл бөледі. Шынымен де, шебердің адам жанын нәзік сезіне білетіні, зияткер тұлға, ал ең бастысы – жасампаз әрі шығармашыл суретші екенін көре аламыз.

Пікір үстеу