2021 жылдың 27 сәуірінде Өнер және дизайн жоғары мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қашықтықтан онлайн – фотоконкурс өткізілді, оған әртүрлі мамандықтағы студенттер, колледждер мен мектептердің оқушылары қатысты. 70-тен астам фотожұмыс келіп түсті.
Мақсаты: Қазақстанның табиғи және тарихи-мәдени мұрасы мәселелеріне назар аудару, фотография өнері арқылы патриотизмге және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Қазылар алқасының жұмыс қорытындысы бойынша конкурс жеңімпаздары 1, 2 және 3 дәрежелі дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды:
1 орын: Құдайбергенов Батырбек – Жоғары білім беру мектебінің 2 курс студенті, AIU

2 орын: Муратов Адлер – Жоғары өнер және дизайн мектебінің 3 курс студенті, AIU

3 орын: Букебаев Санжар – Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің №85 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы

Кейбір қатысушылар сертификаттар алды.
Құттықтаймыз!
Жоғары өнер және дизайн мектебінің
комиссия мүшелері