ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ғылым

2021 жылдың 14 сәуірінде Алматы қаласында орналасқан Халықаралық білім беру корпорациясы (ҚазБСҚА), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық Оқу-әдістемелік кеңесінің «Cәулет және құрылыс» кадрларын даярлау бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің (ОӘБ) кезекті жыл сайынғы пленарлық отырысын өткізді. Отырыс Zoom бейнеконференция байланыс арқылы on-line форматында өтті.

Бүгінгі таңда ОӘБ құрамына 41 жоғары оқу орны кіреді, «Дизайн» мамандығы/білім беру бағдарламалары бойынша дайындық 30 жоғары оқу орнында жүргізілуде.

Пленарлық отырыстың ашылуына 83 қатысушы, ал «Сәулет және Дизайн» секциясына ЖОО – нан ОӘБ-нің 26 мүшесі қатысты. Астана Халықаралық университетінің атынан «Дизайн» мамандығы бойынша ОӘБ өкілі ретінде осы кездесуде сәулет кандидаты, доцент Киселева Татьяна Александровна қатысты. Кездесуде келесі сұрақтар қарастырылды:

– Шығармашылық және арнайы пәндер бойынша онлайн форматта сабақтар өткізудің мәселелері мен даму болашағы.

– НҚА өзгерістері (ҚОТ ережелері, КВТ, ПОҚ максималды педагогикалық жүктемесін белгілеу және ең төменгі еңбекақы төлеу).

– «Сәулет және құрылыс» кадрларын даярлау бағыттары және «Дизайн»секциясы бойынша дуалды оқыту.

ОӘБ мүшелері секцияда Дизайн мамандығын дамытудың стратегиялық мәселелерін де талқылады – бұл:

– «Дизайн» мамандығы бойынша бакалавриат және магистратура деңгейлеріне білім беру гранттарының санын арттыру мүмкіндігі;

            ХОК базасында «Дизайн» дайындық бағыты бойынша докторлық диссертацияларды қорғау бойынша диссертациялық кеңестің ашылуы;

– «Сәулет және құрылыс» кадрларды даярлау бағыты және «Дизайн» секциясы бойынша біліктілік интернет-емтиханын өткізу тұжырымдамасы;

– осы бағыттар бойынша түсу емтиханының бірыңғай форматын әзірлеу.

Секция жұмысы шығармашылық, жағымды атмосферада, on-line форматында жаңа кәсіби дағдылар мен жұмыс тәжірибесімен алмасу түрінде өтті.

Пікір үстеу