Өнер және дизайн жоғары мектебінің 3 курс студенті Болатбек Мәди «JASTAR JALYNY-2022» жастар шығармашылық фестиваліне қатысты

Жаңалықтар

«JASTAR JALYNY-2022» фестивалі – студенттер үшін ең күтілетін іс-шаралардың бірі, ол жастардың ең жігерлі және шығармашылық өкілдерін біріктіреді.

Өнер және дизайн жоғары мектебінің 3 курс студенті Болатбек Мәди «JASTAR JALYNY-2022» жастар шығармашылық фестиваліне қатысты.

Байқау жастар саясаты саласындағы басымдықтар мен міндеттерді іске асыру, қала жастарының шығармашылық дамуына жағдай жасау, студент жастардың рухани-мәдени әлеуетін дамыту, сондай-ақ студенттерге эстетикалық және этикалық тәрбие беру жүйесін жетілдіру мақсатында өткізіледі.

Осындай шығармашылық конкурстарды өткізу студенттерге жаңа таланттарды ашуға көмектеседі, жаңа мүмкіндіктер береді.

Пікір үстеу