БАЛАЛАР КӨРКЕМСУРЕТ МЕКТЕБІ

Балалар көркемсурет студиясы –  балаларды көркемдік-эстетикалық тұрғыда тереңдетілген бағытта жұмыс істейтін орталық.

Студиядағы сабақтардың басты мақсаты – балаларды мақсатты және ұйымдасқан түрде оқыту арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерін тәрбиелей отырып, олардың көркемдік және шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.

Студия оқытушыларының атқаратын негізгі міндеттері:

– сәндік-қолданбалы өнермен, кескіндемемен, графикамен және мүсінмен таныстыру;

– балалардың бейнелеу қабілеттерін, көркемдік талғамын, шығармашылық қиялын, кеңістіктік ойлауын дамыту;

– балаларға бейнелеу өнерінің тілдік қолданыстарын меңгерту;

Сабақтарды тәжірибелі педагогтар, суретшілер, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері жүргізеді.

Студиядағы оқу бағдарламасы 3 жылдық жеке және топтық сабақтарға арналған. Студиядағы сабақтар балалардың әртүрлі жас санаттарына бағытталған (қабылдау 10 жастан 17 жас аралығы).