НОМАД

«Nomad» инструменталды жобасы – этно-модерн жанрында өнер көрсететін бес адамнан құралған музыкалық топ.

Бұл топ 2017 жылы Нұр-Сұлтан қаласының музыкант- мультиинструменталистерінен құралған. Ал 2019 жылдан бастап Астана Халықаралық университетінің (AIU) бренд-амбассадоры болып саналады және осы оқу орнының қабырғасында жеке шығармашылығымен айналысып келеді. Бұл жобаның артықшылығы ретінде топ мүшелерінің жан-жақтылығын, яғни әр орындаушының бірнеше аспап түрін жетік меңгеруін, сол сияқты жоғары импровизациялық дағдылары мен арнайы оқытусыз-ақ жаңа аспаптарды тез меңгеретінін ерекше атап өтуге болады.

Сонымен қатар «NOMAD» жобасының әртістері Олжас Құрманбек пен Айқын Сейтеков Dimash Kudaibergen Team жобасының солистері болып саналады. Бұл өз кезегінде AIU университетінің зор мақтанышы. Командамен бірге топ мүшелері АҚШ, Қытай, Англия, Ресей, Украина және Франция секілді халықаралық ареналарда табысты өнер көрсетіп келеді.

Негізгі құрам:

1. Олжас Құрманбек – негізгі аспабы – қобыз, кәсіби музыкант, Димаш Құдайберген командасының солисі;

2. Айқын Сейтеков – негізгі аспабы – домбыра, кәсіби музыкант, Димаш Құдайберген командасының солисі;

3. Аманжол Нығымет – негізгі аспабы – көмеймен ән айту, мамандығы бойынша дәрігер;

4. Гүлмира Асылбек негізгі аспабы – жетіген, кәсіби музыкант;

5. Бекзат Қиянбеков – негізгі аспабы – дауылпаз, кәсіби музыкант.

сол сияқты:

6. Дәуренбек Аманов – музыканы көркемдеуші, пианиношы, кәсіби музыкант;

7. Шырын Базарқұлова – кәсіби музыкант, Димаш Құдайберген командасының композиторы;

8. Айболат Оспанов – топ жетекшісі, жобаның PR-менеджері.

Топ мүшелерінің жан-жақтылығы, ой-өрісінің кеңдігі, әлемдік мәдениеттен хабардар болуы және оны ұлттық нақышпен үйлестіре отырып шебер пайдалануы қалыптасқан ойлау шекарасын кеңейтуге әрі жаңа этно-жанрды құруға мүмкіндік береді. Заманауи көзқарастар мен әдіс-тәсілдерді қолдануы тыңдармандарын ерекше бір күйге бөлейді, сол сияқты музыканың идеясын жеткізудің қарапайым әдісі тыңдармандарының аясын кеңейтуге, яғни кәсіби музыканттардан бастап өнер сүйер қауымға дейін қамтуға мүмкіндік береді.

Қолданылатын аспаптар:         

  1. Қылқобыз
  2. Нарқобыз
  3. Жетіген
  4. Домбыра
  5. Шіңкілдек
  6. Шертер
  7. Барбыт
  8. Бас-гитара
  9. Шаңқобыз
  10.  Асатаяқ
  11.  Дабыл
  12.  Дауылпаз
  13.  Дарбука (шығыс халықтарының аспабы)
  14. Кахон (перу халық аспабы)
  15. Синтезатор, drum-pad
  16. Көмеймен ән айту (Сібір, Тибет және Моңғолия халықтарының діни әні)
    17. Барабан екпінді соққы қондырғысы

Бұл жобаның бірегейлігі – топ репертуарында халықтық қана емес, сонымен қатар авторлық туындылар да бар. Әрбір композиция қазақ халқының тарихынан сыр шертетін сәттерден әрі тыңдарманын лезде баурап алатын әсерлі шоудан тұрады.

Топтың репертуары:

1. «Мәңгілік Ел», авторы NOMAD

2. «Zaman», авторы – NOMAD

3. «Күлтегін», авторы – NOMAD

4. «Айша Бибі», авторы – NOMAD

5. «Жібек Жолы», авторы – NOMAD

6. «Аққу», авторы Н.Тілендиев

7. «Ақсақ құлан», автор Кетбұға

 8. «Секіртпе», авторы А.Райымбергенов

 9. «Қаражорға», халық күйі

10. «Энисай», Тува халық әні

11.  «Sari Gelin», түркі халықтарының әні

Ансамбль мынадай концерттік ісшараларға қатысты: 

  • «Қазақтың мың күйі» фестивалі (Астана қаласы, 2016 ж.);
  • Халықаралық EXPO-2017 көрмесі аясындағы іс-шара;
  • «The Spirit of Desht-I-Kipchak» халықаралық фестивалі (Астана қаласы, 2017);

Шет елдерге концерттік сапарлар:

  • Түркия (Ыстанбұл және Анкара қалалары, 2015 ж.);Австрия (Вена қаласы, 2016 ж.);
  • Словения (Марибор қаласы, 2016 ж.);
  • Сербия (Белград қаласы, 2016 ж.)
  • Тыва Республикасы (Қызыл қаласы, 2017 ж.)
  • Франция (Париж қаласы, 2015, 2017 жж.)
  • Әзербайжан (Баку қаласы, 2018 ж.)
  • Грузия (Тбилиси қаласы, 2019 ж.)

Сондай-ақ, ансамбль мүшелерінің солистер ретінде шет елдерге концерттік сапарлары:

  • Испания, Италия (Мадрид, Рим қалалары, 2013 ж.);
  • Америка Құрама Штаттары (Вашингтон, Нью-Йорк, Бостон қалалары, 2013, 2019 жж.);
  • Біріккен Араб Әмірліктері (Дубай, Абу-Даби, Шарджа қалалары, 2014 ж.);
  • Қытай Халық Республикасы (Бейжің, Гуанчжоу, Үрімші қалалары, 2018 ж.);
  •  Англия (Лондон, 2019 ж.)