ҚАЗАҚБАЙ ӘЖІБЕКҰЛЫ

1x1
1x2
1x3
3x1
2x2
2x3
я (6)
я (3)
3x2

Қазақбай Әжібекұлы - белгілі суретші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Президент сыйлығының, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, Халықаралық «Жігер-1998» жас суретшілер фестивалінің дипломанты, сонымен қатар БҰҰ-ның 50 жылдығына арналған көрмелер, «Еуразия-1996» халықаралық жас суретшілер көрмесі, «Шабыт» шығармашыл жастардың халықаралық фестивалі, «Астана - Бәйтерек - 2005» республикалық байқауы, «Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» көрмелеріне қатысқан. 2012 жылы Қ. Әжібекұлы «Қазақтың халық эпосы. Қазақ халқының тарихы мен дәстүрлері» тақырыбындағы республикалық конкурсының жеңімпазы атанып, оның шығармашылық кредосына адалдығын растады. 1999 жылдан бастап ол Астанада тұрады және жұмыс істейді.

Қ.Әжібұлы шығармалары Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік бейнелеу өнері мұражайы, Тұңғыш Президент мұражайы, Президенттің «Ақ Орда» резиденциясы, Г.Айтиев атындағы Қырғыз ұлттық бейнелеу өнері мұражайы қорларында және бүкіл әлемдегі жеке коллекцияларда бар.

Астанадағы қазіргі заманғы өнер мұражайының коллекциясында Қ.Әжібекұлының үш туындысы бар. Осы жылдар ішінде автордан «Құрылтай» және «Жеңеше» картиналары сатып алынды. Ол музейге «Астана» графикалық парағын сыйға тартты.

Суретшінің шығармашылығы туралы материалдар біздің елімізде соңғы жылдары шыққан жетекші басылымдарға енгізілді, олар «Қазақстан суретшілері 1985-2005», «Реализмнің қырлары», «Қазақстанның бейнелеу өнерінің шеберлері. Ғылыми мақалалар жинағы, 4-ші басылым», журналдар: «Қазақстан мұражайлары», «Нива», «Шаһар. Мәдениет», «Қоғам және тіл» және т.б.