Ұлт болашағы – жоғары білімді, мәдениетті жастар. Мемлекет дамуының барлық аспектілері, оның ішінде халықтың әл-ауқатының деңгейі, адамдардың жоғары мәдениеті, зиялы қауымның шығармашылық әлеуеті – бәрі білімді, жігерлі, өзгерістерге дайын жастардың қолында.

«Астана» халықаралық университетінің Өнер және дизайн жоғары мектебі жас талантты қазақстандық суретшілерді қолдау, еліміздің рухани мәдениетін дамытуға өз үлесін қосу мақсатында Жастар жылына орай, бейнелеу өнері саласында «Өркен» республикалық конкурсын өткізді.
Қазылар алқасының құрамында: Муллашев Камиль – профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Ли Камилла Витальевна – өнертанушы, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Суретшілер одағының шығармашылық жөніндегі хатшысы, ЮНЕСКО жанындағы көркемөнер сыншылар Ассоциациясының мүшесі, еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қайрамбаев Жұмақын – профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Қазахбай Әжібекұлы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Исмаилов Өмірәлі Дәуренбекұлы – Астана Суретшілер одағының төрағасы, Қазақстан суретшілер академиясының корреспондент мүшесі болды.

Іс-шараға ҚР Қорғаныс вице-министрі М.М. Алтынбаев, медиалектор Саясат Нұрбек және өнертанушы Камилла Ли, мектеп оқушылары, колледж, университет студенттері мен магистранттары, AIU және Нұр-Сұлтан қаласының бірқатар оқу орындарының басшылары, «Жас-Сарбаз», қозғалысының мүшелері, «Жас Ұлан» Республикалық мектебінің ұландары, оқушылар арасындағы өзін-өзі басқару ұйымының жетекшілері қатысты.
