07 ақпан 2023 жылды AIU университетінің Жоғарғы өнер және дизайн мектебінің аға оқытушысы, магистр Иманғалиева Гүлшат Аконқызы Атырау Университеті, Гуманитарлық Ғылымдар Факультеті, Бейнелеу Өнері Және Дизайн 6В02103- «Таңдалған бағытта дизайн, білім беру жүйесінде суретші- дизайнер» мамандығының білім алушыларына «Интерьер дизайнының жұмыс кезеңдері» тақырыбында қонақ дәрісін өткізді.
«Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының мамандықтарында білім алушыларға Гүлшат Аконқызы дәрісінең интерьер дизайнының жұмыс кезеңдерін айта отырып, интерьердегі тепе-теңдік, көлемдер мен элементтерді біріктіру әдістері, түстер мен текстуралардың жалпы әсер мен көңіл-күйге әсері туралы өзекті түсінік берді. Гүлшат Аконқызы дизайн шешімдерінде мүмкін болатын қателіктерден ескертіп, жаңадан бастаған дизайнерлердің негізгі қателіктері туралы, өз тәжірибесінен максималды мысалдар келтірді.
Имангалиева Г.А.


