KEBEJE» Көшпелі қазақ тұрмысының көне заттарының көрмесі. «TAŊBA ŞYRAQŞYSY» Заманауи зергерлік өнер көрмесі

Жаңалықтар

Сержан Башировтың зергерлік өнері

Астана халықаралық университеті, Жоғары өнер және дизайн мектебінің оқытушысы С.Баширов жасаған әр жұмысы көшпенділердің рухын көтереді. Асыл тастар мен тотемдермен безендірілген түпнұсқа күміс сақиналар мен ерекше блезіктер, түрлі тұмарлар нағыз шебердің қолымен жасалған, ол үшін зергерлік бұйымдардың өзінің бірегейлігімен көзді қуантады. Шебер бұйымдары Шығыс экзотикасына қызығатын шетелдіктер үшін де, әртүрлі жастағы және ұлттағы қазақстандықтар үшін де бірдей қызықты.

С. Башировтың еңбектері Алматы, Нұр-Сұлтан, Өскемен және Семей мұражайларында сақтаулы. Сондай-ақ, оның еңбектері Шығыс халықтары музейінде (Мәскеу), Азия және Тынық мұхиты музейінде (Варшава) және Штутгарттағы этнографиялық Линден музейінде (Германия) қойылған.

«QAZAQ ELI»

КӨРМЕ ЖОБАЛАРЫНЫҢ СЕРИЯСЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ

30 жылдығына арналған

Ұйымдастырушылар:

«Бейбітшілік және келісім сарайы»МКҚК

«Құланшы» ЖСО

Өткізу орны:

Бейбітшілік және Келісім сарайы

Нөлдік, бірінші және екінші қабаттар

Жоба Еуразиялық Өнер академиясының қолдауымен жүзеге асырылуда

Өткізу күні:

23 қараша 2021 жыл

Өткізу уақыты:

11.00-12.30

Пікір үстеу